АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма» ММ семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 29 қыркұйекте «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма» ММ «Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және ведомстволық архивке тапсыру. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актіні құрастыру» тақырыбында құжаттарды рәсімдеу туралы слайд, бейнеролик көрсете отырып, семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға бөлім мамандары қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №157 ережесіне сәйкес сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Барлығы 15 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2023
Қаралым саны: 897