A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 25 мамырында «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ «Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және ведомстволық архивке тапсыру.Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актісін құрастыру» тақырыбында құжаттарды рәсімдеу туралы слайд, бейнеролик көрсете отырып, семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға бөлім мамандары қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің 2022 жылғы 11шілдедегі № 184 ережесіне сәйкес сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Барлығы 18 адам қатысты. 

 

Мақаланың шыққан күні: 25.05.2023
Қаралым саны: 817

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»