Ақмола облысы Мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлімінің қызметкерлері 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Ақмола облыстық филиалында «Филиалдың іс номенклатурасын жасау, іс құжаттарды қалыптастыру» тақырыбында слайд көрсетіліп семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға филиал бөлімдерінің бас мамандары, архивариус қатысты.
Семинарды өткізу барысында істер номенклатурасына, филиалдың іс жүргізуінде істерді қалыптастыруға және олардың ведомстволық сақтау сатысында сақталуын қамтамасыз етуге қатысты 2018 жылғы 31 қазандағы Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Филиал қызметінің тарихы бойынша істерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Семинарға филиалдың 11 қызметкері қатысты.