АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалында семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 21 маусымында «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалында «Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және ведомстволық архивке тапсыру» тақырыбында слайд, құжаттарды рәсімдеу туралы видеоролик көрсете отырып, семинар-кеңес өткізді.

Семинарға бас бухгалтер, бухгалтер экономист, кадрлар бөлімінің инспекторы, заңгер, шеф - редактор қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 184 ережесіне сәйкес сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша архивариусты тарта отырып, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 7 адам қатысты.

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалында семинар-кеңес

Мақаланың шыққан күні: 28.07.2022
Қаралым саны: 1244