2023 жылдың 15 маусымында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігініңАқмола облысының әділет департаменті» РММАқмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы слайдтарды көрсете отырып «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында семинар – кеңес өткізді.
Семинарға департамент басшысы, бөлімдердің басшысылар, мамандар және аумақтық бөлімшелердің мамандары қатысты(онлайн).
Семинар жұмысы барысында бірқатар мәселелер талқыланды, хат жазу, бұйрыктар рәсімдеу, хаттаманы және сұрауларға жауаптар дайындау 2018 жылдың 31 қазандағы № 703 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» сәйкес және азаматтарға сапалы қызмет көрсету жөнінде.
Мемлекеттік архивтің бөлім басшысы қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Семинарға 21 адам қатысты.