Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 10 наурызында Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында слайд көрсете отырып семинар өткізді.
Семинарға кеңсе қызметкерлері, лаборанттар және әр факультеттің іс жүргізу мамандары қатысты.
Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 42 адам қатысты.