АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында семинар

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2024 жылдың 26 наурызында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында «Істер номенклатурасын жасау, қалыптастыру және сақтау тәртібі» тақырыбында слайд көрсете отырып, семинар өткізді.

Семинарға директор, бөлім басшылары, мамандар қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты және сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі (А. 2023), (2023 жылдың 29 маусымындағы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің № 157 бұйрығымен өзгерістер енгізілген тізбесі) бойынша бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 13 адам қатысты.

 

 

 

 

Мақаланың шыққан күні: 26.03.2024
Қаралым саны: 2188
Яндекс.Метрика