АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығы» КММ-де Ақмола облысы бойынша аудандардағы тілдерді оқыту орталықтары басшыларының қатысуымен өткен семинар

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 06 маусымында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығы» КММ-де Ақмола облысы бойынша аудандардағы тілдерді оқыту орталықтары басшыларының қатысуымен «Істер номенклатурасын жасау, қалыптастыру және сақтау тәртібі» тақырыбында слайд көрсете отырып, семинар өткізді.

Семинарға қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты және сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі (А. 2022), (2022 жылдың 11 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің № 184 бұйрығымен өзгерістер енгізілген тізбесі) бойынша бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 24 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 06.06.2023
Қаралым саны: 2486
Яндекс.Метрика