АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-де семинар

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2024 жылдың 17 мамырында «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-де «Тұрақты сақтау құжаттарына, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу. Істерді қалыптастыру және ресімдеу. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт жасау» тақырыбында слайд көрсете отырып, семинар өткізді.

Семинарға ветеринария басқармасының бөлім басшылары, бас мамандары қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына және 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 7 адам қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2024
Қаралым саны: 1792