Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2024 жылдың 10 мамырында Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы «Болашақ сарайы» ШЖҚ МКК-да «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында слайд көрсете отырып семинар өткізді.
Семинарға кәсіпорынның бөлім басшылары, мамандары қатысты.
Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 14 адам қатысты.