AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары

Ақмола облысы мемлекеттiк архив негiзiнде «Архив iсi саласындағы мемлекеттiк реттеу және мемлекеттiк қызметтi көрсету» тақырыбында семинар өттi. Семинарға облыстық, аудандық (қалалық) мемлекеттiк архив директорлары және архивистерi қатысты. Аталмыш iс-шараның басты мақсаты архив iсiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, құзыреттiлiгiн дамыту.

Семинар дәрiсi интерактивтi түрде өттi, алуан түрлi оқыту әдiстерi қолданылды, мысалы интерактивтi пiкiрталас, диологтық алаң, тренинг, презентация және iскерлiк сұхбаттасу.

Семинар аяқталғаннан кейiн облыстық архив қызметкерлерi қатысушыларға архив қоймасы және «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залына экскурсия ұйымдастырды.

 

Мақалың шыққан күні: 20.08.2019
Қаралым саны: 2143
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика