АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері бойынша семинар

2016 жылдың 25 сәуiрiнде «Азаматтарға арналған Үкiмет» КЕАҚ ХҚКО филиалының № 2 бөлiмшесiнде Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының мамандары «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерi бойынша семинар өткiздi.
Кездесу тақырыбы — 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 138, 2016 жылдың 27 қаңтарындағы Мәдениет және спорт министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартында өзгерiстердiң болуы. Мұрағатшылар орталықтың қызметкерлерiн жаңа талаптармен таныстыра отырып, әрекеттесудiң өзектi мәселелерiн талқылады, сұрақтарға жауап бердi.
Кеңес жұмысына облыстық мемлекеттiк мұрағаттың басшылары мен ХҚКО № 2 бөлiмшесi қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 25.04.2016
Қаралым саны: 2110
Яндекс.Метрика