АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Тарих беттерінен» жобасының тұсаукесері

25 қазанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы" ММ-де «Тарих беттерiнен» жобасының тұсаукесерi және Ақмола облысының мемлекеттiк архив директорларының қатысуымен алқа өттi.

Ақмола облысының архивтерi бүгiнде "Рухани жанғыру" мемлекеттiк бағдарламасы аясында архивтер және құжаттамалар басқармасы әзiрлеген жобаларды iске асыру бойынша белсендi жұмыс iстеуде.

Құжаттарды пайдалану және беру бөлiмiнiң бастығы Полеткина Ольга Яковлевна "Тарих беттерiнен" үшiншi жобасын ұсынды, ол архивтiк құжаттарды танымал етуге, бiздiң Отанымызды құрметтеуге, тәрбиелеуге, тарихи жадыны сақтауға, отаншылдықты және аға ұрпақтың тәжiрибесiне ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған алдыңғы жобалар сияқты болып табылады.

Бұл жобаны жүзеге асыру 2018 жылдан 2020 жылға дейiн 3 жылға есептелген. Бұл, мүмкiн, ең күрделi жоба — өйткенi, ол құжаттар жинағын, өмiрбаяндық анықтамалар мен брошюраларды шығарумен байланысты. Бұл-архившiлерден архив көздерiнiң мазмұнын, таңдалған тақырыпқа шығармашылық көзқарасты, үлкен уақыт шығындарын талап ететiн еңбек сыйымды және тынымсыз жұмыс.

Отырыста Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Тохаева М.Ю сөз сөйледi. Ол облыстық басқарманың 2018 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары туралы айтып өттi, қызмет осы жылға бекiтiлген жұмыс жоспарына және архив мекемелерiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес жүргiзiлгенiн атап өттi. Жалпы негiзгi архив қызметi бойынша барлық көрсеткiштер орындалды.

Кейiн Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерлерiнiң директорлары сөз сөйледi. 

Мақалың шыққан күні: 25.10.2018
Қаралым саны: 3077
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика