Республикалық онлайн дөңгелек үстел
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» жобасы аясында «Смағұл Сәдуақасов белгілі қоғам қайраткері және ағартушы» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметіндегі ұлттық құндылықтардың әлеуметтік маңыздылығы мен басымдылығын сараптау.
Дөңгелек үстелге атақты тарихшылар, қоғамтанушылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, Ақмола облысы мемлекеттік архивінің архивисі, әдебиеттанушылар және қатысты.
Мақаланың шыққан күні: 11.06.2021
Қаралым саны: 2339