2023 жылғы 19 қазанда Астана қаласында «Егемендік Декларациясы: Тәуелсіздік. Мемлекеттік. Ұлттық жаңғыру», Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві және Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап дела ісі комитетінің төрағасы Бораш Қүат Қаhарманұлы, жетекші тарихшы ғалымдар, саясаттанушылар, ұлттық және өңірлік архивтер, елорданың жоғары оқу орындары өкілдер қатысты.
Пленарлық отырысқа құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің басшысы Назира Элжасқызы Исенова қатысты. Баяндаманың тақырыбы: «Ақмола облысы мемлекеттік архивінің қоғамға қызметі: қарым-қатынастар аспектісінде».
Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, Отан тарихын зерттеудегі ұлттық және өңірлік архивтердің рөлі, ұлттық жадыны жаңғырту талқыланды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің атынан Ақмола облысының мемлекеттік архивіне «Архивтегі аманат» фотоальбомы (фотолепись және карталар) сыйға тартылды. Ақмола облысы мемлекеттік архивінің басшысы Т. Б. Батырхановқа Республика күніне орай құттықтау хат берілді, Н.Э. Исеноваға республикалық іс-шараға қатысу сертификаты берілді.