АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің төрағалығымен 2022 жылғы 04 қарашада Астана қаласында «Архив-ел тарихының қазынасы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция жұмысына еліміздің архив мекемелерінің, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Д. А. Абаев, «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысы Т. Б. Батырханов және архив қызметкері К. Ж. Узакпаева қатысты.

Конференция барысында Қазақстан тарихының құжаттарын анықтау бойынша архив ісі саласындағы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту талқыланды.

Конференция соңында К.Ж. Узакпаева «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Мақалың шыққан күні: 04.11.2022
Қаралым саны: 1501
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика