АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Республикалық конференция

Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің археографы Гульмира Касимова Ш. Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жж. басындағы ашаршылық және қазақтардың шектес аумақтарға мәжбүрлі көші-қоны: зерттеу мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция жұмысына М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков және т. б. қатысты.

         Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді: ХХ ғасырдың 30-шы жж. аштықты зерттеу әдіснамасының проблемалары (себептері мен салдарын бағалау), ашаршылық куәгерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктері тарихи дереккөз ретінде, ашаршылық кезеңінде қазақ халқының мәжбүрлі көші-қоны туралы, қазақ қоныс аударушыларының бейімделу ерекшеліктері, қазақ диаспорасының қалыптасу процестері туралы айтылды. Талқыланған басты бағыттардың бірі қазақ көшпенділері мен олардың ұрпақтарын тарихи отанына қайтару болды.

         Конференция ZOOM платформасы арқылы онлайн және офлайн форматта өтті.

Мақаланың шыққан күні: 08.10.2021
Қаралым саны: 1936
Яндекс.Метрика