A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлке тарихы – ел тарихы» кіші жобасы презентациясы

2018 жылдың 17 шiлдесiнде сағат 15. 00-де «Достар» Мәдениет үйiнде Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасымен ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлке тарихы — ел тарихы» екiншi жобасының презентациясы өткiзiлдi.

Iс-шараға Ақмола облысының архив қызметкерлерi, мемлекеттiк органдардың, ардагерлер мен жастар ұйымдарының, этномәдени бiрлестiктердiң, оқу орындарының, БАҚ өкiлдерi қатысты.

Презентацияның құттықтау сөзбен Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Мүсiрәлiмова Айна Ермекқызы ашты.

«Өлке тарихы — Ел тарихы» көрмесi бай тарихи құндылыққа ие екенi аталып өтiлдi, өйткенi Туған жер сен қандай ұлт өкiлi болсаң да, сен дүниеге келген жер болып саналады, алғаш күннен бастап Туған жер сен үшiн ерекше қасиетке ие.

Мұндай жылжымалы көрменiң құндылығы оның Ақмола облысының барлық аудандарына, әрбiр ауылына дейiн жетуiнде жатыр. Әрбiр фотосурет тарихи құндылыққа ие бола отыра, тарихи оқиғалар, бабаларымыздың өмiрi мен тұрмысы, танымал тұлғалар туралы көлемдi ақпараттар бередi, бұл өз кезегiнде әрбiр көрме аралаушыға сол тарихи кезеңдердiң рухын, облысымыз бен Қазақстанның даму және қалыптасу кезеңдерiн сезiнуге мүмкiндiк бередi.

Көрме тұжырымдамасы туған жер тарихының елiмiз — Тәуелсiз мемлекетiмiздiң тарихы тұрғысынан қарастыра отыра «Өлке тарихы — Ел тарихы» жобасы идеясының мәнiн тереңiнен аша түседi.

«Өлке тарихы — ел тарихы» жобасының басталу рәсiмi өттi.

Лентаны қию құқығы Көкшетау қаласының Құрметтi азаматтары, еңбек ардаегерлерi Жаңадiлов Болат Сүлейменұлы мен Аппасова Сақина Әмiрханқызына берiлдi.

Iс-шара барысында Ақмола облысының 17 аудандары мен 2 қалалары бойынша өтетiн эстафета өз бастамасын алды.

Iс-шара барысында эстафетаны Көкшетау қаласынан Зерендi ауданына тапсыру рәсiмi өттi.

Iс-шара аяқталысымен жоба мен iс-шара ұйымдастырушыларына қатысушылармен жылы пiкiрлер мен игi тiлектер айтылды.

Мақаланың шыққан күні: 17.07.2018
Қаралым саны: 2828

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»