AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» құжаттар жинағының тұсаукесері

Ақмола облысының мемлекеттiк архивi тұрақты көрме залының экспозициясы негiзiнде басылып шыққан «Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» құжаттар жинағының тұсаукесерiн «Көкше» телеарнасы арқылы өткiздi.

Басылымға облыстық архив және басқа да дерек көздерiнiң материалдары енгiзiлдi, сонымен қатар жинақ қосымша архивтiк фотосуреттермен толықтырылды. Жинақты басып шығарудың басты мақсаты туған өлке Ақмола облысының елiмiздiң даму тарихында алатын орны туралы фотоархивтiк құжаттар арқылы оқырмандардың бiлiмдерiн кеңейту, патриоттық және туған жерi Қазақстан Республикасы үшiн мақтаныш сезiмдерiн қалыптастыру. Жинақ мектеп оқушылары, студенттер, тарихшылар, зерттеушiлер және ауқымды оқырман қауымына арналған.

Мақалың шыққан күні: 27.11.2020
Қаралым саны: 2160
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика