Ақмола облысының мемлекеттік архиві Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өткізді, іс-шараны жариялау үшін өңірлік «Көкше» телеарнасы шақырылды. Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Наурыз тіршілік пен өмірдің, махаббат пен достықтың нышаны. Облыстық архив түркітілдес халықтардың дәстүрлерін дәріптеу мақсатында аталған іс-шараны кең деңгейде атап өтті.
Шара аясында архив бөлімдері арасында түркітілдес халықтардың ұлттық тағамдарына байқау өткізді. Әділ-қазылар алқасы ұлттық киім, ұлттық тілде сәлемдесу, өзіндік ерекшелігі мен көркемдігіне қарай қатысушыларды бағалады.
Іс-шара дәстүрлі «Наурыз көжеден» ауыз тиюмен аяқталды.