A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өлке тарихы - Ел тарихы» жылжымалы фотокөрменің таныстырылымы Сандықтау ауданында өтті

2018 жылдың 25 шiлдесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы Сандықтау ауданында өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады.

Аталмыш көрменiң салтанатты таныстырылымы Сандықтау ауданының орталығы Балкашино елдi мекенiнде өттi. Iс-шараны Сандықтау ауданы әкiмiнiң орынбасары Қадырова Гүлмар Ерғалиқызы құттықтау сөзiмен ашты. Көрме Сандықтау ауданының тұрғындары үшiн ай қызығушылық тудырды: көптеген тұрғындар фотосуреттерден өздерiнiң жақындарын, туыстарын, тауып, өз алғыстары мен жылы пiкiрлерiн бiлдiрдi. Көрме таныстырылымы қазақ және орыс тiлдерiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. өткiздi.Iс-шараға аудан басшылығымен қатар, еңбек ардагерлерi, ауданның белсендi азаматтары, мектеп оқушылары, барлығы 135 адам аралады.

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2018
Қаралым саны: 2576

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»