2018 жылдың 29 тамызында Қорғалжын ауданында «Өлке тарихы — ел тарихы» жылжымалы көрмесi ұсынылды.
Ресми ашылуда Қорғалжын ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж.Д.Түстiкбаев, Целиноград мемлекеттiк архивiнiң директоры Л.Е. Абраева, Қорғалжын мемлекеттiк архивiнiң директоры Н.Т. Сарблин сөз сөйледi. Көрменi ардагерлер мен жастар ұйымдары, мемлекеттiк органдар, Қорғалжын ауданының архив қызметкерлерi, бiлiм беру мекемелерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi болды. Халықты қамту 215 адамды құрады.