A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Өлке тарихы - Ел тарихы» жылжымалы фотокөрме «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру кешенінде өтті

Ақмола облысының мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру кешенiнде таяу және алыс шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкiлдерiнен құрылған маусым үшiн «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы көрмесiн өткiздi. Көрмеге Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Иран, Германиядан келген бауырластарымыз қатысты.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында iске асырылып жатқан көрменiң басты мақсаты, шетелдегi қазақ диаспорасына Ақмола облысының тарихы мен көрнектi тұлғалары, ұлттық мәдениетi, салт-дәстүрi туралы баяндау болып табылады.

Аталмыш көрме, халықаралық ауысым балаларының көңiлдерiнен шықты. Әсiресе қазақ зиялы қауым өкiлдерi Шаймерден Қосшығұлұлы, Мәмбетәлi Сердалин, қазақ балуаны және цирк әртiсi Қажымұқан Мұңайтпасов, Кеңес одағының екi мәрте батыры, ұшқыш Талғат Бегельдинов және Көкшетау қаласының тарихы өте қызықтырды. Осындай ұлттық ойы бар iс-шаралар арқылы шетелдегi қазақ диаспорасымен отандарстарымен байланысты нығайту абзал.

Мақаланың шыққан күні: 09.08.2019
Қаралым саны: 2128

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»