АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Жақсы ауданында «Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы фотокөрме ұсынылды

2018 жылдың 31 шiлдесiнде 2018 жылдың 25 шiлдесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы Жақсы ауданында өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады.

Жақсы ауданының аудандық Мәдениет үйiнде «Өлке тарихы — Ел тарихы» фотокөрмесi өттi. Жылжымалы фотокөрменi Жақсы ауданы әкiмiнiң орынбасары Сейдахметова Ләззат Шаншарханқызы құттықтау сөзiмен ашып бердi. Көрменi аудан ақсақалдары, еңбекардагерлерi, кiтапхана мамандары, мемлекеттiк қызметкерлер аралап, архив қызметкерлерiне өз сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауап ала алды.

Сонымен бiрге iс-шараға Жақсы ауданының әкiмi Малғаждаров Б.Б., Жақсы ауданының прокуроры Торсықбаев Е.К., және Жақсы елдi мекенiнiң құрметтi азаматы, еңбек ардагерi — Ешимов А. қатысты. Көрме таныстырылымы қазақ және орыс тiлдерiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. өткiздi. Iс-шараға барлығы — 120 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 31.07.2018
Қаралым саны: 3170
Яндекс.Метрика