Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң басшысы Салық Гүлбаршiн Дакенқызы 2016 жылғы 29 қыркүйекте облыстық тарихи-өлкетану музейiнде ұйымдастырылған «История репрессий» көрмесiнiң ашылуына қатысты. Осы шара аясында Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкiлдiгi «Ерлiк жолымен» зерттеу орталығы» ОФ бiрге «История репрессий» тақырыбында дөңгелек үстел өткiздi. Бағдарлама барысында архив басшысы «Ақмола облысы тарихының алтын қоры» тақырыбында баяндамасын оқыды.