АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығына орай «Ғасырлар үні» атты құжаттар мен материалдар көрмесі ашылды

Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында ағымдағы жылдың 30 қазанында қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай «Ғасырлар үнi» атты құжаттар мен деректер көрмесi ашылды.

Мұрағатта 1873 жылдан бастап шiркеулiк метрикалық кiтаптар коллекциясы, құңды кiтаптар, 19 ғасырдың кейбiр құжаттардың түпнұсқалары сақталуда. Тәуелсiздiк жылдары шетел мұрағаттарынан 18 ғасырдың құңды құжаттарын алдыру iске асты. Олардың iшiнде әсiресе, ұлы Абылай хан туралы құжаттар, 1860 жылғы дала облыстарының карталары және т.б. бар. Мұрағатта тарихымыздың бұрынғы оқиғаларының куәгерлерi — тарихи орындардың, өткен ғасыр ғимараттардың фотосуреттерi бар.

Осының бәрiн қарашаның аяғына дейiн жалғасатын көрменiң келушiлерi тамашалай алады.




Мақаланың шыққан күні: 30.10.2015
Қаралым саны: 2259