АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Денсаулық сақтау саласындағы ZOOM платформасы бойынша онлайн семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң ведомстволық архивтерiн бақылау бөлiмiнiң қызметкерлерi 2020 жылдың 30 қарашасында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Көпбейiндi облыстық аурухана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнында "Ұйымның iстер номенклатурасын жасау және iске құжаттарды қалыптастыру" тақырыбында слайд көрсету бойынша, онлайн семинар-кеңес өткiздi.

Семинарға бөлiм басшылары, бас мамандар, архивариустар қатысты.

Семинарды өткiзу барысында 2018 жылдың 31 қазан айында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, 2020 жылдың 06 қазанында сақтау мерзiмдерi көрсетiлген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесi бойынша ведомстволық сақтау сатысында iстердi қалыптастыру және оларды сақтауды қамтамасыз ету және iстер номенклатурасына қатысты бiрқатар маңызды мәселелер талқыланды. Ұйым тарихы бойынша iстердi қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Бөлiм қызметкерлерi қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар бердi. Барлығы 5 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2020
Қаралым саны: 1955