A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі саласында ZOOM платформасы бойынша онлайн семинар-кеңес

         Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың 04 наурызында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі «Казгидромет» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалында «Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акт жасау және ведомстволық архивку тапсыру» тақырыбында слайд көрсету бойынша, онлайн семинар-кеңес өткізді.

         Семинарға филиалдың бөлім басшылары, бас мамандар және жетекші мамандар қатысты.

         Семинарды өткізу барысында Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 06 қазанындағы сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша архивариусты тарта отырып, құжаттарды уақтылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

           Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 5 адам қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2021
Қаралым саны: 1787

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»