«Достар» мәдениет үйiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының мемлекеттiк архивi жүзеге асырған «Өлке тарихы-Ел тарихы» жылжымалы фотокөрмесi өткiзiлдi. Көрменiң мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың идеяларын қалыптастыру, жастардың облыстың тарихын, рухани құндылықтарын бiлуге, өз халқымыздың рухани құндылықтарын бiлуге бағыттау.
2018 жылдың 19 қыркүйегiнде «Өлке тарихи-Ел тарихы» атты жылжымалы көрмеге №10 орта мектеп, №11 орта мектеп, №12 орта мектеп, №13 орта мектеп оқушылары және «Бурабай» колледжiнiң студенттерi қатысты.