Облыстық архивке Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің Тарих мамандығының 2 курс студенттері келді. Оқушыларға «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залы бойынша экскурсия өткізілді, сондай-ақ қорлардың бас сақтаушысы К. К. Маусымбаева архив қоймасын көрсетіп, сақтаудағы құжаттар туралы айтып берді.