Облыстық архивке Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері келіп кетті, комиссия құрамында ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы Б. С. Әлжанов, "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты С. А. Қасымов, ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары С. Н. Мушкенова, ҚР Ішкі істер министрлігі ААК аға инспекторы Б. И. Сарина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы және облыс әкімінің орынбасары А. Е. Мусралимова.
Кездесу барысында облыстық архивтің жұмыс тобының жұмысы талқыланып, қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы материалдарды анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, облыстық архивтің жұмыс тобы қуғын-сүргінге ұшыраған ақталмағандарға қатысты анықталған материалдарды ұсынды.
Кейін комиссия үшін "Ақмола облысы архив құжаттарында" атты көрме залы бойынша экскурсия өткізілді.