2019 жылдың 07 маусым күнi Ақмола облысының ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлiмiнiң архивисi Бегайдарова Дильдар Сайлауовна «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» ММ «Ұйымда iстер номенклатурасын құру және iс құжатттарын қалыптастыру» тақырыбында семинар — кеңес өткiздi.
Семинарға Д. С. Баймусынов — Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармабасшысының орынбасары және басқарма мамандары қатысты.
Семинар барысында құрылымдық сұхбат орын алып, iс номенклатурасын құрастыруда туындайтын киындықтар және iс жүргiзуде құжаттарды қалыптастырудағы мәселелерiне қатысты маңызды сұрақтар талқыланды.
Мемлекеттiк архив маманы қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берiлдi. Барлығы 12 адам қатысты.