AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Наурыз мерекем, Наурыз берекем!»

Ақмола облысының мемлекеттік архиві Наурыз мейрамына арналған «Наурыз мерекем, Наурыз берекем!» атты іс-шара өткізді. Наурыз мейрамы — жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл күнi күн мен түн теңеледi.

Облыстық архив қызметкерлері қазақ халқымыздың дәстүрін дәріптеу мақсатында «Көрісу» және «Сырға салу» дәстүрін көрсетті және аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Көрісу – бұл күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін асқа шақырады, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық — саулық, құт-береке тілейді.

Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Аталмыш салт — дәстүрлер театрландырылған қойылым ретінде өтті.

Мереке соңында барлық қатысушылар Наурыз айында жасалатын басты тағам «Наурыз көжеден» дәм татты.

Аталмыш іс-шараны өңірлік «Көкше» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Мақалың шыққан күні: 17.03.2023
Қаралым саны: 992
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика