АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ғылыми — тәжірибелік конференция

2023 жылғы 21 желтоқсанда Ақмола облысының мемлекеттік архиві «Қазақстанның тарихындағы архивтердің рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Аталмыш іс шара «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілді.

Конференция жұмысына аудандық архив директорлары, архивистер, тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушылары, мектеп оқытушылары және БАҚ өкілдері шақырылды.

Ғылыми форумда архив негізінде алынған түрлі тақырыпта баяндамалар оқылды. Іс-шара соңында Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының архивтер бөлімінің басшысы Г.М. Филипьева архивтердің жылдық жұмыстарының қортындысы жайлы сөз сөйледі.

Сондай ақ, 22 желтоқсан ҚР архившілер күніне орай Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Д.Ш. Ерденов еліміздің архив ісін дамытуға зор үлес қосқан бірқатар архив қызметкерлерін ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы атынан Алғыс хаттармен марапаттады. 

 

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2023
Қаралым саны: 946