АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Н.Ә. Назарбаев – халық Президенті

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне арналған «Н.Ә. Назарбаев — халық Президентi» атты көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы осымен биыл 4-рет тойлағалы отырған жаңа мемлекеттiк мереке жалпы халықтық мейрамға айналды. Бұл күн — Ұлт Көшбасшысына сүйiспеншiлiк пен құрметтi, оның ел алдындағы ерен еңбегiне алғысымызды жеткiзу күнi.

Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаты Қазақстанның тұрақты Көшбасшысының қызметiнен ажырамас жаңа тарихы туралы құжаттарды жинақтап, ұқыптап сақтайды. Н. Ә. Назарбаевтың өлкемiздегi қалалар мен ауылдардғ, кәсiпорындарға, жаңадан салынған ғимараттардың ашылу салтанаттарына келулерi мұрағатшылардың басты назарына ие болуда. Облыстық мемлекеттiк мұрағатының ерекше мақтанышы — 80 жылдардың орта тұсы мен 90 жылдардың басындағы Елбасының еңбек жолын дәрiптейтiн Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы қызметiн атқарған тұсындағы, Қазақстан коммунистiк партиясының бiрiншi хатшысы болған кезеңiндегi фототүсiрiлiмдерi.






Мақаланың шыққан күні: 28.10.2015
Қаралым саны: 2522