Ағымдағы жылдың 18 тамызында Зерендi селосында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы «Ақмола облысының үздiк мұрағатшысы» байқауын өткiздi. Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен қалаларының мұрағатшылары қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерi туралы, архив құжаттары туралы айтып, кәсiби қызметiне байланысты сұрақтарға жауап бердi, шығармашылық байқауда өнер көрсеттi.
Байқау қорытындысы бойынша ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң бiрiншi санатты мұрағатшысы ХАСЕНОВА ӘСЕМ БОЛАТҚЫЗЫ жүлделi 3-шi орынға ие болып, дипломмен және сыйлықпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!