Ақмола облысы мемлекеттiк архивi ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгi М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарына Алғыс Күнiне арналған тарих сабағы және Кеңес Одағының Батыры Ф. Ф. Глининнiң 100 жылдығына арналған дәрiс өткiздi.
Дәрiс барысында архив қызметкерлерi тыңдаушыларға Ф. Ф. Глининнiң архивтiк жеке iс қағаздарымен таныстырды. Сонымен қатар батырдың өмiрi туралы баяндап, фотоқұжаттарын көрсеттi.
Облыстық архив атынан Азаматтық қорғау академиясының басшылығына көпжылдық ынтымақтастық үшiн алғысымызды бiлдiремiз.