АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Өңірлік семинар

2023 жылғы 24 ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару Комитеті Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасы базасында Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өткізді. Өңірлік семинар пленарлық және екі секциялық бөліктен тұрды.

Пленарлық бөлімнің модераторы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару Комитеті төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаева болды.

ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Н.М. Дауешовтың құттықтау сөзін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару Комитетінің мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы И.А. Бабаев оқыды, сондай – ақ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Б. С. Рапиков құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық бөлімде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару Комитетінің мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы С. Н. Тащанова және семинарға қатысушылар баяндама жасады.

Бірінші секцияның жұмысын Г. Е. Қарсақбаева басқарды.

Екінші секцияның модераторы С.Н. Тащанова басқарды. Секцияда архив саласындағы құқықтық актілердің нормалары талқыланды.

Өңірлік семинардан кейін барлық семинарға қатысушылар Ақмола облысының мемлекеттік архивіне келіп, архив жұмысымен танысты. «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме залында экскурсия жүргізілді.

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2023
Қаралым саны: 2522
Яндекс.Метрика