Облыстық архив және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академия арасында қол жеткізілген келісімдер аясында осы оқу орнының курсанттары бір апта бойы «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрмесіне келіп жүр. Экскурсия жүргізушілері Қазақстанның көптеген өңірлерінен келген тыңдаушыларына Ақмола облысының құрылу тарихы мен өңірдің көрнекті тұлғаларымен таныстыруда. Бұл келісімнің басты мақсаты курсанттардың патриоттық рухын көтеріп, тарихқа деген құрметтеушілікті қалыптастыру.