A- A A+
  КГУ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» УПРАВЛЕНИЯ ЦИФРОВИЗАЦИИ И АРХИВОВ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ КГУ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» УПРАВЛЕНИЯ ЦИФРОВИЗАЦИИ И АРХИВОВ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Құрметтi Темiрбек Бүркiтбайұлы!

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Мәлiк Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының профессорлық-оқытушы құрамы, курсанттары және жеке өз атымнан Сiздi және Сiзге сенiп тапсырылған ұжымды Халықаралық архивтер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткендi бiлмей болашақты құру мүмкiн емес, сол себептi де мұрағатты халықтың жады деп атауға болады. Дәл осы жерде баға жетпес құжаттар бiртiндеп жиналып, өмiрiмiздiң тарихы ұсақ бөлшектерден бастап көрнектi оқиғаларға дейiн сақталады.

Өлкемiздiң мұрағат қорын сақтау, зерттеу және толықтыру iсiндегi сiздердiң белсендi қызметтерiңiз жоғары бағаға лайық. Өз алдына ақпараттық орталық бола отырып, құжаттық ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз етiп, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұрғысындағы мiндеттердi шешуге, тиiмдi мемлекеттiк басқаруға септiгiн тигiзiп, сондай-ақ өткендi ғылыми тұрғыдан танып-бiлудi қамтамасыз етiп отырған Сiздердiң қызметтерiңiз қоғам үшiн аса маңызды.

Осынау төл мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, Сiзге және ұжымыңызға шын жүректен зор денсаулық, жаңа белестер мен жеңiстер, еңбектерiңiзге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, өздерiңiзге күш-қайрат тiлеймiн. Әрқашан абыройларыңыз асқақ, мерейлерiңiз үстем болсын.

Тәуелсiз мемлекетiмiздiң игiлiгi жолындағы қызметтерiңiз табысты болсын!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы ТЖМ

Мәлiк Ғабдуллин атындағы

Азаматтық қорғау академиясының

бастығы, т.ғ.д.

азаматтық қорғау полковнигi С. Шәрiпханов

2021ж. 9 маусым

Дата публикации: 09.06.2021
Количество просмотров: 1974

egov.kz - государственные услуги и информация онлайн

@2024  КГУ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» УПРАВЛЕНИЯ ЦИФРОВИЗАЦИИ И АРХИВОВ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»