Ақмола облысы мемлекеттік архивінде «Жас зерттеуші» клубының кураторы Асем Алдибекова, клуб мүшелерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс шарада еліміздің Тәуелсіздікке жеткен тарихи жолы туралы баяндалды.
Жас зерттеушілер С. Макипов «Қазақстан болашақта», А. Әләудин «Отан - отбасынан басталады», А. Батыр «Тәуелсіз Қазақстан ұрпағымын» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара соңында қатысушылар туған жерге деген ой толғанысымен бөлісіп, Тәуелсіздік туралы видеоролик тамашалады.