2024 жылдың 16 сәуірінде Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас зерттеуші» клубының мүшелері арасында «Білімді жастар — ел болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Клуб жетекшісі Асем Алдибекова өз баяндамасымен дөңгелек үстелді ашты. Кейін жас зерттеушілер архив құжаттары негізінде жазған мақалалары бойынша баяндама жасады.
Іс шараның соңында Қаныш Сатпаевтың 125 жыл толуына орай «Дархан даланың дара тұлғасы» атты тарих сабағы өткізілді. Оқушыларға ғалымның өмір жолы таныстырылып, академик жайлы слайд көрсетілді.
Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы ғалым, академик, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына биыл 125 жыл толды.