2023 жылғы 13 сәуірде Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Жас зерттеуші» клубының мүшелерімен «Тарих беттерін парақтасақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Клуб кураторы А. К. Алдибекова кіріспе сөз сөйледі. Аталмыш іс-шараға Г.К. Шамганова, директордың орынбасары, Д. С. Бегайдарова, ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, К. Ж. Узакпаева, облыстық архив маманы қатысты. Жас зерттеушілер жазған мақалалары бойынша баяндама жасады. Мақалалар архивтік құжаттар негізінде дайындалды. Оқушылар алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Іс-шара соңында А.К. Алдибекова «Жас зерттеуші» клубының мүшелеріне Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай «Өз дәуірінің кемеңгер ойшылы» тақырыбында слайдтар көрсетілімімен тарих сабағын өткізді.