A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Жас экскурсовод» байқауы

2024 жылғы 28 ақпанда Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Жас экскурсовод» байқауы өтті, байқауға «Жас зерттеушілер» клубының мүшелері қатысты. Іс шараға қазылар алқасы ретінде директордың негізгі қызмет бойынша орынбасары Д. Бегайдарова, қорлардың бас сақтаушысы К. Маусымбаева, мемлекеттік есеп және құжаттарды сақтау бөлімінің жетекшісі С. Сулейменова қатысты. Қатысушылар «Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме залы бойынша экскурсия жүргізді. Қазылар алқасы экскурсия барысында қатысушылардың өзін – өзі ұстау мәнерін, сөйлеу әдебін, ақпаратты толық меңгеруіне қарай өз бағасын берді. «Жас экскурсовод» байқауының жеңімпазы Бейсенов Алижан мақтау қағазымен марапатталса, қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Мақаланың шыққан күні: 29.02.2024
Қаралым саны: 427

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»