Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде «Жас зерттеушi» клубының мүшелерiмен «Ақмола облысы XXI ғасырда: Тәуелсiздiк жылдары» тақырыбында конференция өттi. Конференция барысында клуб мүшелерiмен дайындаған баяндамалар тыңдалып, Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай «Тәуелсiздiк шежiресi» атты деректi фильм көрсетiлдi.
Iс-шара соңында жас зерттеушiлердiң мақалалары негiзiнде жарыққа шыққан «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты кiтап табысталды. Сонымен қатар зерттеушiлердiң ғылыми жетекшiлерiне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық үшiн алғыс хаттар табысталды.