A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Е.Н. Әуелбековтың 90-жылдығына арналған конференция

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ұйымдастыруымен М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап — ғылыми кiтапханасында көрнектi мемлекет қайраткерi, Көкшетау облысының бiрiншi хатшысы, Социалистiк Еңбек Ерi Е.Н. Әуелбековтың 90 — жылдық мерейтойына арналған «Ел сүйсiнер ер тұлға»атты ғылыми — практикалық конференция өттi.

Конференцияға Ақмола облысының танымал азаматтары қатысты: Айдар Хамзович Мурзин — Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, қоғам қайраткерi, 1992-1996 жылдары қала әкiмi; Ғосман Төлеғұл — жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткерi, Қазақстан журналистер одағының мүшесi, Зерендi ауданының құрметтi азаматы Көкшетау, Ақмола облысының ардагерлер кеңесiнiң төрағасы;Е.Н.Әуелбековтың сiңлiсi — Күләш Нұржанқызы және iнiсi Болат Нұржанұлы Әуелбековтер;Махмұт Мұхатайұлы — бiлiм және спорт ардагерi; Мейрамбек КиiкұлыКиiков — қоғам қайраткерi, Бiржан сал ауданының құрметтi азаматы, «Қазақ тiлi және мәдениетi» облыстық қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы; Шияп ШарапұлыАлиев — қоғам қайраткерi, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы; Ғалымтай МалiкұлыТөлепбергенов — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң аға оқытушысы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде бiрнеше жоба iске асып жатыр. Соның бiрi «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты жоба. Аталмыш жобашегiнде«Жас зерттеушi» клубы құрылды. Клуб мүшелерi, оқушылар, Ақмола облысының мемлекеттiк архив құжаттары негiзiнде дайындалған баяндамалармен сөз сөйледi.

Сондай-ақ iс шараға облыстық «Көкше» телеарнасы, облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда»газеттерiнiң, Көкшетау қалалық «Бұқпа», «Кокшетау сегодня», «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерiнiң тiлшiлерi, Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттiк университетi және университет жанындағы көпсалалы колледж, А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетi, «Бурабай» колледж студенттерi, Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң, қалалық мектептердiң оқушылары, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы мекемелерiнiң қызметкерлерi мен блогерлерi қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2020
Қаралым саны: 2748

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»