A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Түркі жазуы күніне арналған «ULY DALANYN′ ASYL MURASY» конференциясы

29 мамырда Көкшетау қаласындағы Достық үйiнде Ақмола облыстық iшкi саясат басқармасының ұйымдастыруымен Түркi жазуы күнiне арналған облыстық конференция болып өттi. Мерекелiк шараға Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Айна Мысырәлiмова қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебiзiн бiлдiрдi.

Аталмыш iс-шараның басты мақсаты — жастардың патриоттық рухын нығайту, Ұлы дала елi мәдениетiн дамыту, көшпендiлер өркениетiн, атап айтсақ, тарихи жәдiгерлердi, мәдени құндылықтарды дәрiптеу, этномәдениеттiң дамуына жағдай жасау, түркi тiлдес халықтардың идеяларын таратып, iске асыру болып табылады. Облыстық конференцияға қоғам қайраткерлерi, жоғары оқу орындарының ғалымдары, этномәдени бiрлестiктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Iс-шара аясында жиналғандардың назарына Ақмола облыстық архив «Ұлы даланың асыл мұрасы» архив құжаттарынан тұратын көрмесiн ұсынды, онда 1920-1940 жылдардағы қазақ әлiпбиiнiң латындандыру тарихы қамтылған. Көрме төрт бөлiмнен тұрды, бiрiншi бөлiмде латын графикасына көшу туралы заңнамалық актiлер; екiншi бөлiм мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың ресми құжаттары; үшiншi бөлiм латын графикасындағы мерзiмдiк басылымдар, төртiншi бөлiм азаматтардың жеке құжаттары ұсынылған.

Мақаланың шыққан күні: 29.05.2019
Қаралым саны: 2223

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»