АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Конференция

2024 жылдың 31 мамырында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақмола өңіріндегі зобалаң жылдар: ақиқат пен ұрпақ сабақтастығы» атты ғылыми конференция өтті. Аталмыш іс шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы А.А. Алин, зиялы қауым өкілдері және тарихшы ғалымдар қатысты. Конференция модераторы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, доцент, т.ғ.к., Саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссияның үйлестірушісі А.А. Сейтқасымов болды. Конференцияда Ақмола облысының мемлекеттік архивінің ақпараттық — ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі А.К. Алдибекова «1920-1930 жылдарында Ақмола облысындағы ұжымдастыру және иеліктен шығару бойынша архивтік құжаттар жинағы» кітабының тұсаукесерін өткізді. Қатысушылар өз баяндамаларын оқып, жазықсыз жапа шеккен құрбандар туралы қысқаметражды фильм тамашалады.

 

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2024
Қаралым саны: 1747