АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Көкшетау - жер жұмағы

2024 жылдың 11 сәуірінде Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің архивисі С. Айдарбекова, Көкшетау қаласының құрылуына 200 жыл толуына орай «Көкшетау - жер жұмағы» атты дәріс өткізді. Іс шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультеті ИРК-231 тобының студенттері қатысты.

Көкшетау сал-серілер ордасы, табиғатымен талайды тамсандырған киелі мекен. Тарих сахнасында археологиялық қазба жұмыстарынан ежелгі заманнан-ақ Көкше жерінде байырғы қоныстар болғаны анықталып жатыр. Дегенмен Көкшетаудың қала болу тарихы 1824 жылдан басталған деп есептеледі.

Көкшетау қаласы қазір Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде, Бұқпа тауының етегі мен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көркем жерде орналасқан.

Бүгінгі таңда Кербез сұлу Көкшетауымыз 200 жылдығын атап өтуде. 200 жылдық тарихы бар қаламыз қазір заманауи қала, күнен-күнге дамып, кеңейіп, халық саны артуда.

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2024
Қаралым саны: 2072
Яндекс.Метрика