АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Жас зерттеуші» клубы

Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жоспарға сәйкес «Жас зерттеуші» клубы мүшелерімен дөңгелек үстел өтті. Клуб кураторы А. Алдибекова аталмыш клубтың жұмысы жайлы баяндама жасап, дөңгелек үстелдің қатысушылары клубының жұмысы туралы өздерінің ойларын ортаға салды. Осы клубқа келгелі жас зерттеушілер оқу залының жұмысымен, «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты көрме залымен, жалпы архив қызметімен, облыстың дамуына үлес қосқан ірі тұлғалардың өмір жолымен танысып, тарихқа деген қызығушылықтарының артқанын, өз білімдерін кеңейткендерін айтты. Клуб мүшесі болғалы алған білімдері үшін өздерінің шынайы алғыстарын клуб кураторына, архив қызметкерлеріне білдірді. Сондай-ақ өздеріне бағыт-бағдар, кеңес беріп, осы клубқа келуге себепкер болған ұстаздарына рақметтерін айтты.

Клуб кураторы жас зерттеушілерге Кеңес Одағының Батыры Тихонов Григорий Матвеечтің 110 жылдығына арналған тарих сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты өскелең ұрпаққа Кеңес Одағының Батыры Г. М. Тихонов жайлы мәліметтер беру, жас ұрпақты өз Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу болып табылады.

Мақалың шыққан күні: 15.04.2022
Қаралым саны: 2095
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика